Қыркүйек айында Әйтеке би көшесін ұзарту аяқталады

Қыркүйек айында  Әйтеке би көшесін ұзарту аяқталады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспаксөз қызметі

Биыл Алмалы ауданы бойынша жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын 17 көшеге орташа жөндеу жоспарланған.

Оның жалпы ұзындығы 7,4 шақырым, 3 көше бойынша: Абай даңғылы, Ударная көшесі және Амангелді көшесінде жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтты. 

Қыркүйек айында жалпы ұзындығы 17,6 шақырым қалған 13 көше бойынша жұмыстар аяқталады.

«Осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасында Әйтеке би көшесінің бойындағы жолды ұзарту аяқталады. Бұл көшені ұзарту жобасы жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының пікірін ескере отырып, қайта қаралғанын атап өткім келеді», - деді қала басшысы Е.Досаев. 

Жобаға сәйкес Әйтеке би көшесінің солтүстік жағындағы тротуар жол бөлігі мен №121а, 123, 123/1 үйлердің арасында орналасқан. Сондай-ақ осы коридорда электр желілерін шығару трассасы орналасқан. Жол жұмыстары барысында тұрғындар кейіннен шлагбаумды бөлшектей отырып, тұрақ пен балалар алаңдарын алып тастау арқылы тротуар салу шешіммен келіспейтінін айтты. Қалалық мобилділік басқармасы мен аудан әкімдігінің тұрғындармен талқылауынан кейін балалар мен шлагбаум қойылған тұрақ алаңдарын  қалдыра отырып, тротуардың және жол бойына шығарылатын электр желілерінің (аралас тротуар) орналасуын өзгерту туралы шешім қабылданды.

«Аудан әкімдігі биыл 46 мың м2 көше-жол желісін ағымдағы жөндеуді жоспарлады, бүгінгі таңда 17 мың м2 астам жол төсемі қалпына келтірілді және қазан айының соңына дейін тағы 29 мың м2 жол жөнделетін болады. Биыл орталықсыздандыру аясында осы жұмыстарға аудан әкімдігіне 800 млн. теңге бөлдік», - деді Е.Досаев.

Ауданның тротуарларын жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні 5 көше: Панфилов көшесі (Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейін), Досмұхамедов көшесі (Гоголь көшесінен 11 үйге дейін), Төреқұлов көшесі (Сейфуллин даңғылынан «Almatym» тұрғын үй кешенінің кіреберісіне дейін), Әуезов көшесі (Қабанбай батыр даңғылынан Төле би көшесіне дейін) және Масанчи көшесі (Жамбыл көшесінен Төле би көшесіне дейін) бойынша 2,2 км тротуар желісін орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Осы жылдың қазан айының соңына дейін тағы 2 көше: жалпы ұзындығы 1 км Төле би көшесі (Чокин  көшесінен Байзақов көшесіне дейін) мен Райымбек даңғылы (Механическая көшесінен Әуезов көшесіне дейін) бойынша тротуарларды ретке келтіріледі.