Жетісу ауданындағы тілсіз жаудың себептері тексеріледі

Жетісу ауданындағы тілсіз жаудың себептері тексеріледі
сурет: Kt.kz

Жетісу ауданының Ақтолқын көшесі, 12 мекенжайдағы көп қабатты үйдегі өрттің себептерін тексеру Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.

Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттің себептерін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 отбасы баспанасыз қалды, оның жетеуі туыстарының үйлерінде. Алты отбасының 23 мүшесі уақытша қонақүйлерге орналастырылған. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде, оның ішінде гигиена бұйымдары мен тағамдар бар. Мектеп жасындағы балаларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіледі.

Өрттің шығу себептері мен комиссия қорытындысы анықталған соң, осы үйдің тұрғындарының баспана мәселесі бойынша шешім қабылданады.