«Альфа-Банктің» атауы өзгерді

«Альфа-Банктің» атауы өзгерді
Сурет: Opennews.kz

«Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алғаннан кейін компанияның атауын өзгертті.

Бұл туралы мәлімдеген қазақстандық KASE қор биржасының мәліметінше, енді Қазақстандағы «Альфа-Банк» ресми түрде Eco Center Bank деп аталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Банк биыл 13 мамырда қайта тіркеуден өткен. Енді ол «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес банкі «Eco Center Bank» АҚ деп аталады.

Бұған дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеген еді. Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады.