Алдағы жылы Алматыда инфляция 10-12% шамасында болады деп болжануда

Алдағы жылы Алматыда инфляция 10-12% шамасында болады деп болжануда
mezgil.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қала әкімдігінің жұмысында халық табысын одан әрі арттыру - басты назарда. Дегенмен, бағаның жоғары өсу қарқынының сақталуы негізгі мәселе болып отыр. 11 айда инфляция 18,9%-ті құрады (жылдық инфляция - 19,5%). Жыл басынан бастап қант (89%), кеңсе тауарлары (82,6%), тұрғын үйді жалға алу (75,7%) бағалары қатты өсті.

Қазір тұрғын үйді жалдау құны мен қант бағасы тұрақтанды. Келесі жылы қантты орталықтан сатып алуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге бағытталды.

"16 қарашадан бастап жыл соңына дейін "Магнум" және Small сауда желілерінде сатылатын барлық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын көтеруге мораторий енгізілді (олардың ұйымдасқан саудадағы үлесі – 70%). Тұрақсыз сыртқы факторлар мен азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әлемде жоғары инфляция күтілуде. Біздің бағалауымыз бойынша, келесі жылы Алматыда инфляция 10-12% шамасында болады" - деді шаһар басшысы