Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады
Сурет: Postfactum.info

Синоптиктер болжамы.

Мамандар 15-17 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура -17-ден -28 градус аязға дейін төмендейді. 

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі. Тек Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура  -17-ден  -28 градус аязға дейін төмендейді», – делінген синоптиктер болжамында.