Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады

Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады
Сурет: 360tv.ru

Күн жылы болады.

«Қазгидромет» мамандары тамыздың 31 қыркүйектің 1 аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Ауқымды солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде және оңтүстик шыгыс аудандарының таулы аймақтарында, 31 тамыз-1 қыркүйек аралығында солтүстікте, Батыс Қазақстан облысының батысында, 1 кыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің күшеюі күтіледі»,- делінген синоптиктердің хабарламасында.

Температуралық фонға келетін болсақ, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтілуде, күндіз термометр бағандары еліміздің басым бөлігінде 25-35 градус жылы, батыста және оңтүстікте 30-38 градус жылы болжанады.