Жастарымыз Еуропа чемпионатынан жүлделі оралды

Жастарымыз Еуропа чемпионатынан жүлделі оралды
almaty-akshamy.kz

Қазақстандық спортшылар Еуропа чемпионатында джиу-джитсудан жүлделі орындар иеленді

Хорватияның Сплит қаласында джиу-джитсудан өткен AJP Tour Europe youth – GI ашық чемпионатында Армия генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Sagadat Batyr - QTT клубтың спортшылары жүлдегер атанды.

Чемпионатқа 30 елден спортшылар қатысты. Сайыс нәтижесінде Қазбек Тәжібай (30 келі, 8-9 жас), Шыңғыс Әблакат (37 келі, 12-13 жас) және Самат Айтпанбет (62 келі, +18 жас) қола медаль иегерлері атанды.