Алаяқтардан сақ болыңыз!

Алаяқтардан сақ болыңыз!
Сурет: Baq.kz

Құрметті зейнеткерлер, алаяқтар арбауына түсіп қалмаңыз!

Интернетте 300 мың теңге көлемінде зейнетақы алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, ол үшін алаяқтар YouTube арнасындағы сайтқа кіріп, жеке деректерді толтыруды сұрайды.

Назар аударатын жайт, ақпарат шындыққа жанаспайды және интернеттегі алаяқтық белгілері бар.

Жеке деректерді сақтау - бұл сіздің жинақтарыңыздың қауіпсіздігі!