Алматыда ТЖ режимі аяқталғанша ішімдік сатуға тыйым салынды

Алматыда ТЖ режимі аяқталғанша ішімдік сатуға тыйым салынды Сурет: Inform.kz

Алматыда бүгінен бастап сауда, қоғамдық тамақтану, базарлар, жанармай-жағармай құю бекеттері, өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.


12 қаңтардағы жағдай бойынша, Алматы қаласында 149 ірі және орта супермаркеттердің 120-сы жұмыс істейді. Тәртіпсіздік барысында ірі сауда желілерінің 31 объектісі зардап шекті. Бүгінде 52 сауда базары жұмыс істейді. Базарлар арасында зардап шеккен нысандар анықталған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


220 жанар-жағармай құю бекетінің 127-сі кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр. 13 қаңтардан бастап қосымша 33 желілік емес жеке ЖЖҚБ ашу жоспарда. Жанар-жағармай құю бекеттерінің 74 нысаны зардап шекті, оның 14-і қалпына келтірілді.


Қалада 93 ірі сауда объектісі бар. 11 қаңтардан бастап алтауы жұмысын бастады. «Глобус», «Спутник», «Ритц палас», «Алма-Ата», «Гранд парк», «Алматы молл», сондай-ақ 60 сауда орталығы іске қосылды. 12 қаңтардан бастап 8 сауда орталығы жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, «Достық плаза», «Мега парк», «Мега Алма-Ата», «Атакент молл», «Март», «Силкуэй сити», «Алатау». 17 нысан «Мәскеу», «МБО», «Азия парк», «Алмалы», «Максима», «Асыл», «Нұр», «Алма-Ата», «Арена», «Домиллион», «12 ай», «Променад», «Пассаж», «Мегатау», «Мерей», «Мобил», «Сити центр» сауда үйлері зардап шекті. Олар қайта жаңартылуға жатады. 


«Есентай молл», «Форум» СОСО қаладағы жағдайдың тұрақтануын күтуде, содан кейін келушілер үшін ашық болады. Бүгінгі күні 3,2 мың қоғамдық тамақтану объектілерінің 1,5 мыңы жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай- ақ ол жерде төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін спирттік ішімдіктерді сатуға тиым салынды. 39 қоғамдық тамақтану нысаны зардап шекті. Бүгінде 120 кәсіпорынның 82-і жұмыс істейді. 19 қаңтарға дейін 38 кәсіпорынды іске қосу көзделген.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37