Алатау ауданында 5 мектеп ашылатын болады

Алатау ауданында 5 мектеп ашылатын болады
Сурет: Almaty.tv

Өткен жылы қалада 12 мыңнан астам орынға арналған заманауи үлгідегі 8 мемлекеттік мектеп салу үшін ауқымды жобасы басталды.

Қала басшысы қазіргі уақытта жалпы Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 19 600-дан асатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өткен жылы қалада 12 мыңнан астам орынға арналған заманауи үлгідегі 8 мемлекеттік мектеп салу үшін ауқымды жобаны бастадық, оның ішінде 7800 орындық 5 мектеп Алатау ауданында ашылатын болады. Алайда, алдын ала есептеуіміз бойынша, жаңа 7800 оқушы орнының пайдалануға берілгеніне қарамастан, жалпы, қала, әр аудан бойынша білім алушылардың жыл сайын өсуіне байланысты аудан мектептерінде 3 мыңға жуық орын тапшылығы сақталады», - деді мегаполис әкімі.

Құрылыстан басқа, бұдан әрі ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен сатып алумен қатар басқа да тетіктер қолданылатын болады. Қазір ықтимал нұсқалар қаралып жатыр.