Алатау ауданы 2025 жылға қарай көше жарығымен толық қамтылады

Алатау ауданы 2025 жылға қарай көше жарығымен толық қамтылады
Сурет: ашық дереккөз

 Алатау ауданында 750 бейнемониторинг камерасы орнатылады,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Ауданда жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 96 «Сергек» кешені жұмыс істейді. Сонымен қатар, осы I-ші тоқсанда тағы 97 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Осылайша, аудан бойынша 193 «Сергек» камерасы қызмет көрсетеді», - деді қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде.

Көшені толық жарықтандыру үшін 2022 жылы Алатау ауданының 135 көшесіне сыртқы жарық орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданның жарығы жоқ 123 көшесі бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. 2025 жылы аудан 100% көше жарығымен қамтылады.