АҚШ беларустарға қарсы санкция салды

АҚШ беларустарға қарсы санкция салды
Сурет: Gazeta.ru

Санкцияға ұшыраған Беларусь азаматтарының аты-жөні жоқ.

АҚШ Беларусь елінің бірқатар азаматтарына, яғни  шетелде «диссиденттерге қарсы жасалған әрекеттері»  үшін визалық санкция салды. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru cілтеме жасап. 

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, тыйым салынған тұлғалардың диссиденттерге қарсы әрекеті «ұлттық юрисдикциядан тыс» жүзеге асырылды. 

Америка Құрама Штаттары мұндай әрекетті, соның ішінде өткен жылы Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындары кезінде беларусьтік олимпиадалық спортшы Кристина Тимановскаяны елге күштеп қайтару әрекетін айыптайды. 

Сонымен бірге, мәлімдеме мәтінінде санкцияға ұшыраған Беларусь азаматтарының аты-жөні жоқ. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мемлекеттік департамент мұны АҚШ заңы бойынша визалық жазбалар «құпия», сондықтан санкцияға ұшырайтын нақты тұлғаларды көрсететін мәліметтерді беру мүмкін еместігімен түсіндірді.