АҚШ Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізе ме?

АҚШ Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізе ме?
rus.azattyk.org

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Inbusiness.kz. сілтеме жасап.

Оның айтуынша, «Беларусь Ресейге Украинаға қарсы соғыс жүргізуге мүмкіндік беріп, оған қолдау көрсетті және Беларусь территориясын Ресей әскерлері үшін алаң ретінде пайдалануға жол ашты».

«Біз ресейлік әскердің жүріс-тұрысын мұқият қадағалап отырамыз. О баста қалай әрекет етсек, қазір де сол қарқыннан тайынбаймыз. Беларусь те біздің назарда. Ал Украинамен тығыз байланыс жалғасын табады, өйткені ол ресейлік агрессияға батыл жауап қайтаруда», - деді ол.

Өз кезегінде мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс Вашингтон Беларуське қатысты жаңа шектеу шараларын енгізуі мүмкін деп хабарлады.

«Егер Беларусь Украинада соғыс қимылдарын жүзеге асыруға қосымша көмек көрсетсе, АҚШ қосымша шектеу шараларын қолдану арқылы тиісті жауап қайтарады», - деді ол.