«Ахмет Байтұрсын - ұлт ұстазы» атты кітап жарық көрді

«Ахмет Байтұрсын - ұлт ұстазы» атты кітап жарық көрді
Сурет: Inbusiness.kz

Астанада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. 

Елордада «Ахмет Байтурсынов – учитель нации» атты еңбегінің тұсаукесері өтті. Кітаптың 3 мың данасы Мәскеудің «Художественная литература» баспасында шығарылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Бұл еңбекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған. Туындының орыс тілінде жарық көруінің негізгі себебі ретінде оқырмандардың санын көбейту және ұлт ұстазының шығармашылығын насихаттау екенін деп атап өтті ол.  

«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын үлкен дәрежеде өткізу туралы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Үкіметтік іс-шаралар бекітілді. Соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, ғибраты туралы орыс тілінде кітап жарияланса деген бір тармақ та болды. Сол еңбекті аяқтап, 2-3 күн бұрын ғана Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан еңбектің шыққан туралы хабар келіп, кітап та жетті», - деді тұсаукесерді ұйымдастырушылар.  

Бұдан бөлек Елордада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Оған АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Башқұртстан, Венгрия, Ресей елдерінің ғалымдары қатысуда.