Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді
Сурет: Ernur.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы 25%-ға артты.

Жалақының өсуі қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдарға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтер, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы 25%-ға өскен.

Сондай-ақ 2021 жылы лауазымдық жалақының  30%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша өсуі арқылы әкімшілік және көмекші персонал, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін жалақыны арттыру жүзеге асқан еді.