Әлемдегі коронавирус: Бішкек сырқаттанушылық деңгейі бойынша "сары" аймаққа өтті

Әлемдегі коронавирус: Бішкек сырқаттанушылық деңгейі бойынша "сары" аймаққа өтті
Сурет: Strategy2050.kz

Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі: жағдай тұрақты және қауіптенетін еш себеп жоқ.

Вакциналауға жататын 3 миллион адамның 1 миллион 200 мыңы егілді. Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ахуал нашарлаған жағдайда, Денсаулық сақтау министрлігі ішінара шектеулер енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, елде аурудың классикалық штамы, сондай-ақ "дельта" мен "омикрон" айналымда.

Ал  Арменияда коронавирустық шектеулерді енгізу мүмкіндігі туралы айтыла бастады. Бір апта ішінде ковидті жұқтырғандар саны екі есе өсті. Дәрігерлердің айтуынша, бұл Еуропа елдеріне саяхаттаушылар санының өсуіне және инфекцияны жұқтырудың толқынына байланысты.
 
Арменияның Денсаулық сақтау министрі денсаулық сақтау жүйесі жағдайдың кез келген дамуына дайын деп сендірді, бірақ егер алдағы екі аптада инфекция жұқтырудың өсуі жалғаса берсе, республикаға "маска тағу режимі" оралуы мүмкін. 

 BA.2.75 штамы немесе "кентавр" Израильге жетті. Жұқтырудың алғашқы жағдайлары соңғы апталарда шетелде болған адамдарда анықталды. Бірнеше адам бар, барлығы бақылауда. Осы үш жолаушының бірі Үндістаннан, екеуі Франциядан ұшып келді.  Ел билігі дабыл қағуда, өйткені алдыңғы штамдардың эпидемиясы әлі жеңілген жоқ, оларға жаңа штамм келді.  

Дәрігерлер вакциналауды, соның ішінде ревакциналауды талап етуде. Олардың айтуынша, әзірге бұл жалғыз қорғаныс. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі де азаматтарға ревакциналаудан өтуді ұсынады. Басқа ешқандай шектеулер жоқ.