Әлемдегі ең жас жазушы төрт жаста

Әлемдегі ең жас жазушы төрт жаста
Сурет: Egemen.kz

Ең жас жазушы Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады. 

Төрт жасар бала әлемдегі ең жас жазушы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Балақай Гиннестің рекордтар кітабына да енді. Ол мың данадан аса басылыммен жарияланған әрі сатылған ертегі жазған.

Жас жазушының айтуынша, оған мейірімділік пен достық туралы кітап жазып шығаруға үлкен әпкесі шабыт берген.

Айта кетсек, кішкентай дарынның әпкесі де рекорд жаңартқан. Ол сегіз жасында екі тілде кітап шығарған әлемдегі ең жас жазушы атанған.