Әлемдегі 100 үздік оқытушы мен ғалым Қазақстанға шақыртылмақ

Әлемдегі 100 үздік оқытушы мен ғалым Қазақстанға шақыртылмақ
Сурет: 24.kz

Бұл да жаңарған көші-қон саясатының тұжырымдамасы аясында іске асырылатын жоспар.

Ауқымды құжаттың бір тарауы білім беру иммиграциясына арналады. Сонымен бірге, Қазақстан экономикасына пайдасы тиер жоғары білікті мамандар, инвестиция, озық технологияларды тарту мақсатында визалардың жаңа түрлері енгізіледі. Сондай-ақ қазір сұранысқа ие мамандықтардың рейтингісі әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз басымдыққа ие 9 саланың мамандықтар атласын әзірледік. Оның денін IT мамандары, әртүрлі бағыттағы инженерлер, сонымен бірге медицина саласындағы, нақтырақ айтқанда, анастезиолог, нейрохирургтер құрап отыр. Атластың бірінші нұсқасын барлық органдарға таратып бердік. Келесі жылы қай мамандыққа сұраныс көп екенін анықтаймыз. Бұл рейтинг үнемі заман қажеттілігіне сай жаңарып отырады», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.