Абай облысындағы Көкпекті ауданында 381 адам қар құрсауынан құтқарылды

Абай облысындағы Көкпекті ауданында 381 адам қар құрсауынан құтқарылды
Сурет: Gov.kz

Оның ішінде 19 бала құтқарылды.

ҚР ТЖМ мәліметінше, құтқарылғандар жылыту пункттерінде орналастырылған.

Қазіргі уақытта қар құрсауында қалған барлық машиналар тексерілді. Одардың ішінде адамдар жоқ. Барлығы құтқарылып, жылыту пункттерінде орналастырылған.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың 47 бірлік техникасы, 124 қызметкері, 2 бірлік тікұшағы, 12 маманы және Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылды.

Жедел штабтар жұмыс істеуде.

ТЖМ психологтарын тарта отырып, "Жедел желі" телефоны жұмысын жалғастыруда. Барлығы 600-ге жуық қоңырау түсті.

Ертең таңертең жолды тазарту және техниканы қар үйінділерінен шығару жұмыстары жалғастырылады.