Заңсыз өткізбек болған 98 тонның жолы кесілді

Заңсыз өткізбек болған 98 тонның жолы кесілді
Сурет: Biz911.net

Заттардың құжаттары мен таңбалары жоқ.

Қытайда тігілген 98 тон мен мыңдаған басқа да тауарларды заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы мәлімдеген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың басынан бері Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге халық тұтынатын тауарлардың жүк ағыны 3 есеге өскен.

«Салықтық тексеру барысында Қырғыз Республикасының жүк көлігінен декларацияланбаған 3,6 мыңнан астам қымбат және көп салық салынатын тауарлар табылды. Мәселен, осы жағдайда Қытайда жасалған, құжаттары мен таңбалары жоқ 98 тон табылды», - делінген жұма күні ҚР Қаржы министрлігі таратқан хабарламада.

Міндетті таңбалаудың енгізілуіне байланысты талап етілетін жөнелту құжаттарында аң терісінен жасалған тондар көрсетілмеген болып шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстаннан жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын Apple және Samsung компанияларының смартфондары мен құрылғыларын әкелу әрекетінің жолы кесілгені туралы хабарлаған болатын.