8 облыста 31 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

8 облыста 31 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Сурет: ашық дереккөз

8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты 8 облыстағы 31 жол бөлігі:

  • Ақмола облысы – 14 учаске,
  • Жамбыл облысында – 1 учаске,
  • Жетісу облысында – 1 учаске,
  • Қарағанды облысында – 3 учаске,
  • Қостанай облысында – 5 учаске,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске,
  • Түркістан облысында – 1 учаске,
  • Ұлытау облысында – 1 учаске де  көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.