8 маусымға арналған ауа райы

8 маусымға арналған ауа райы
Сурет: 24.kz

Республика бойынша жел күшейеді.

Синоптиктер Қазақстанда 8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, соған байланысты найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады. Солтүстікте, солтүстік-батыста – бұршақ, шаңды дауыл, бұрқасын.

Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, солтүстікте, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +30+32°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +35+37°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.