7 туроператордың лицензиялары тоқтатылды

7 туроператордың лицензиялары тоқтатылды
Сурет: ашық дереккөз

Өйткені олар тиісті заңнама талаптарын орындамаған.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жетекшілік ететін салаларда қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияларды тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Мәселен, ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты негізінде Комитетпен Астана және Алматы қалаларының басқармаларымен бірлесіп шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын тоқтата тұру жөнінде:

- LS tour kz ЖШС, БСН 180940004773, 18.09.2018 ж. № 18017327 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;

- «Бархатный сезон» ЖШС, БСН 110640003256, 11.02.2022 ж. № 22002714 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;

- Sultan Hajj Travel ЖШС, БСН 160340008324, 14.02.2023 ж. № 23004269 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен; 

- ЖШС Hajar.travel, БСН 220440022505, 16.11.2022 ж. № 22021332 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;

- Tanym Group ЖШС, БСН 220840042356, 26.01.2023 ж. 23002555 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;

- B&K Travel KZ ЖШС, БСН 170340030664, 03.08.2017 ж. № 17013918 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;

- «ТВВ тур» ЖШС, БСН 970840000415, 10.09.2019 ж. № 19018684 Алматы қаласының туризм басқармасы шаралар қабылданды.

Аталған туроператорлар қызметтің тиісті түрін/кіші түрін жүзеге асыру құқығынан уақытша айырылды, өйткені Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері ретінде «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе оларды тиісінше орындамай отыр.

«Қазіргі уақытта, "Е-лицензиялау" (e-licence.kz) мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесіне сәйкес лицензиялардың және, тиісінше, аталған туристік компаниялардың лицензияларына қосымшалардың қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл ретте, егер анықталған бұзушылықтар жойылмаса, көрсетілген тоқтата тұру мерзімі жаңа кезеңге ұзартылатын болады», - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Осы немесе басқа лицензияның ағымдағы мәртебесі мен қолданысын «Е-лицензиялау» (e-licence.kz) мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесінде мына сілтеме бойынша: https://elicense.kz/LicensingContent/SimpleSearchLicense?lang=ru. Сондай-ақ, туризм саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың толық мемлекеттік электрондық тізілімімен Комитеттің сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/documents/details/513237?directionId=30064&lang=ru. ҚР азаматтары тарапынан сапасыз көрсетілген туристік қызметтерге немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың өзге де нысандарына шағымдардың жиілеуіне байланысты, Комитет ҚР азаматтарының шығу және ішкі туризм саласындағы бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және (немесе) бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейтіп, туристік компаниялардың лицензияларын кері қайтарып алуды және олардың қолданысын тоқтатуды, оның ішінде сот тәртібімен жүзеге асыратындығын атап өту керек.