680 миллион жымқырған басшы қамауға алынды

680 миллион жымқырған басшы қамауға алынды
almaty-akshamy.kz

Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

«Мекеме басшысы Іле ауданындағы жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істемеген тұлғаларға жалақы жазып, алдын ала сөз байласу арқылы 680 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, жүргізушісін жалған түрде мектеп-гимназиясына кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші етіп жұмысқа орналастырып, оған жалпы сомасы 4,9 миллион теңге заңсыз жалақы төлеген», - деп хабарлады Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.  Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.