600 мыңнан астам азамат ауыз суға мұқтаж - Үкімет басшысы

600 мыңнан астам азамат ауыз суға мұқтаж - Үкімет басшысы
Сурет: Turkystan.kz

Биыл ауыз су тапшылығына байланысты халықтан тек ресми түрде 9 мыңнан аса шағым түскен.

Ал қаншасы ресми түрде айтылмай қалып жатыр. Құбырлардың жиі жарылуынан тұрғындар айлар бойы сусыз қалуда. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтегі кезекті жиында аталған мәселені көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын биыл пысықтауды міндеттеді. Сондай-ақ елдегі 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

«Қазіргі таңда 600 мыңнан астам азаматымыз ауыз суға мұқтаж. Бұл - аса ауқымды және маңызды жұмыс. Алайда оған барлығы бірдей жауапкершілікпен қарап отырған жоқ. Сондықтан су мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әрбір өңір, әсіресе, ең төменгі көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек», - дейді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.