5G стансаларын орнату мерзімі ұзартылуы мүмкін

5G стансаларын орнату мерзімі ұзартылуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

Ауа райына байланысты 5G базалық стансаларын орнату мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Базалық стансаларды ортатумен байланыс операторлары анйалысады. Министрлік радиожиліктерді берді және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына бақылау жасайды. Байланыс операторлары алған лицензиялық операторлар осы жылға орындалды және 700-ден астам базалық станса орнатылды. Дегенмен, операторлардың жоспары бойынша шамамен 1 мың базалық станса болатын. Қазіргі уақытта операторлар жұмыс істеп жатыр. Алайда, ауа райы жағдайына байланысты мерзімі аздап кейінге ысырылуы мүмкін», - деді Бағдат Мусин ведомстводан өткен брифингте агенттік тілшісінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, келесі жылы базалық стансаларды орнату қаржылы жеделдетілуі тиіс.

«Әрбір базаның тасасында бригадалар тұр. Олар аязға қарамастан барып, келісіп жүр. Жалпы, негізгі проблема бригадаларда емес. Негізгі проблемалар – базалық станса орнатылатын орынды табу, тұрғындармен келісу, орнатуға рұқсат алу. Меніңше, байланыс операторлары келесі жылы базалық стансаларды жоғары қарқынмен орнатуы тиіс», - деді министр.