Матрица: Қазақстанда 11 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр

Матрица: Қазақстанда 11 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр
Сурет: Рixabay.com

15 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі 2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта Түркістан облысы бар.