Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: көктайғақ болып, жауын жауады

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: көктайғақ болып, жауын жауады
Сурет: ашық дереккөз

Синоптиктер күн жылынып, жауын-шашынның қарқынды болатынын болжады.

Солтүстік Атлантикадан бастау алған циклон Қазақстанға жақындап, бірнеше күн бойы үстемдік еткен антициклон Шығыс Сібірге қарай біртіндеп шегініп келеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 

"Циклон республиканы батыстан шығысқа қарай алып, қар, боран, көктайғақ және желдің күшеюі түріндегі қарқынды жауын-шашын әкеледі", – деді синоптиктер.

Алдағы үш тәулікте түнгі аяз -22...-35° шамасында сақталатын шығыс бөлігін қоспағанда, республиканың барлық аумағында түнде ауа температурасы көтеріледі. Батыста кей жерлерде түнде 0...-10°, басқа аймақтарда -5...-15° аяз болады.