5 мыңнан астам көлік жолда қалған

5 мыңнан астам көлік жолда қалған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, республикалық автожолдардың  9 учаскесі жабылды.

Жабылған автожолдарда 5 мыңнан астам көлік жиналып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"ҚазАвтоЖол" АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінуді шектеу, автожолдарды тазарту, қар көшкіні қаупі) республикалық автожолдардың 9 учаскесінде және 8 өңірде облыстық маңызы бар 27 учаскеде (Ақмола, Абай, Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Ұлытау) автокөліктердің қозғалысы жабылды", - деп жазылған хабарламада.

6 өңірде (Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан) республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік үшін қозғалысты шектеу енгізілді.