Бес мың қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді

Бес мың қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді
Сурет: 24.kz

Бұл - шетелде жүрген отандастарымыздың 42 пайызы.

ҚР ОСК мәліметінше, шетелдегі сайлау учаскелерінде шамамен 5 мың қазақстандық дауыс берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл шетелде жүрген отандастарымыздың 42 пайызын құрайды. Жалпы, шетелде жүрген азаматтарымыздың саны - 12 016.

Бүгін сағат 18:00-дегі жағдай бойынша шетелдердегі 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады және қазір 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.

«12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады. Сонымен қатар сайлауды бақылауға 246 шетелдік журналист қатысуда. Астана мен Алматы қалаларында «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылды. Аталған орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және бүгін таңертеңнен бастап байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерін білдіріп жатыр», деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанында 77 сайлау учаскесі орналасқан.