Үш бала туған әйел зейнетке 6 жыл ерте шығады

Үш бала туған әйел зейнетке 6 жыл ерте шығады
www.ukr.net

Депутат Аманжан Жамалов Үкіметке осындай ұсынысын жеткізді.

Бала туған әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету қажет. Мәселен, әр баланы дүниеге әкелгені үшін зейнетке 2 жыл ерте шығуға мүмкіндік беру керек, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Осылайша, үш бала туған әйел зейнетке 6 жыл ерте шығады, бұл – 55 жастың шамасы. Депутат Аманжан Жамалов Үкіметке осындай ұсынысын жеткізді. Айтуынша, елде әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендетудің жолдарын қарастыру керек. Себебі қазіргі заңнама бойынша тек 5 және одан көп бала туған әйелдер ғана 53 жасында зейнетке шығады.

Депутат, сондай-ақ, бала күтімімен үйде отыруға мәжбүр аналар уақытша жұмыссыз қалып, кәсіби қабілеттілігін төмендететініне назар аударды. Жарна аудармағандықтан, зейнетақы мөлшері төмендейді. Аманжан Жамалов алайда зейнеткерлік жасын 10 жылдан артық төмендетпеу керек, - деп атап өтті.