25 қазанда күн тұтылады

25 қазанда күн тұтылады
Сурет: Ашық дереккөзі

Күн тұтылуын экран проекциясы арқылы бақылаған дұрыс

25 қазанда күннің жартылай тұтылу құбылысы Қазақстанның барлық аумағында көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жаңалықты В.Г.Фесенкова атындағы астрофизика институты жариялады. Институт мамандары еліміздің бірнеше өңіріне күннің тұтылу уақытын есептеп шығарды. Күн тұтылуының максималды фазасы Астанада байқалады. Елордада күн тұтылу 16:06-да басталып, максималды фразаны (83%) елорда тұрғындары сағат 17:17-де көре алады. Алматыда күн тұтылуының басталуы жергілікті уақыт бойынша сағат 16:26-да, 17:35-те максималды фазасы басталады - 76%, Петропавлда (80%) – сағат 17:08-де, Павлодарда (79%) – 17:18-де, Оралда (71%) – сағат 16:00-де, Атырауда (69%) - 16:07-де, Шымкентте (69%) - 17:32-де.

Сонымен қатар мамандар ерекше астрологиялық құбылысты тамашалау кезінде сақтық шараларын ұмытпауды еске салды.

"Бұл таңғажайып астрономиялық құбылысты көру көзімізге зиян келтірмеу үшін сақтық шараларын сақтау қажет. Күн тұтылуын экран проекциясы арқылы бақылаған дұрыс. Сонымен қатар күңгірт сүзгі немесе дәнекерлеуші көзілдірігі арқылы күнге тікелей қарауға болады", - деді В.Г.Фесенкова атындағы астрофизика институты директорының орынбасары Р. Валиуллин.