2038 жылы Нобель сыйлығының лауреаты боламын!

 2038 жылы Нобель сыйлығының лауреаты боламын!
Сурет: Б.Сәрсенхан

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елге елеулі үлес қосқан жастарды назарда ұстадық. Соның бірі жас ақын, Шабыттың гран-при иегері, Халықаралық бейбітшілік әлемі сыйлығының 1 дәрежелі дипломанты Батырхан Сәрсенханмен сұхбаттасқан болатынбыз.

–  Әлқиссаны егемендік сізге не берді деп бастасақ?

–  Иә, бұл - тәңірдің тәтті сыйы! Ешкім жасай алмас, көп жұрт аңсағанмен қолы жете қоймайтын дүние. Бұл ғаламшарда байтақ, дархан көңілді қазақ дейтін халықтың ұрпағы болу ғанибет. Тек тамсанып жүре беру аз. Әрекет етіп, елді шарықтатудың жолын іздеген абзал. Баршаға ортақ құндылық әр уақытта өз маңызын жоғалтпасы анық. Бәрінен де рухани тәуелсіз болғанға не жетсін?!

– Бірде "көпшіліктен озу оңай" депсіз, кеңірек тоқталсаңыз?

– Менің ағамның 15 шақты қойы бар. Жылда төлдейді. Бірқатары жазға жетпейді. Осылай уақыт өтеді. Түк өзгеріссіз. Мен бұлай жүруді жөн көрмедім. Өз даңғылымды іздедім. Ол – ақындық. Білесіз бе? Тәңір өзі берген жалынын өзі қориды. Адамдарды мойындату қиын емес. Тек бағытты айқындасаңыз болғаны. Әл-Фараби, Абайлар қиын кезеңде ғұмыр кешті. Есесіне өшпес із қалдырды.

Қоғамда "ақындар" десе, қағаз, қалам, қиял елестейді. Сіздің хоббиіңіз қандай?

Оныңыз рас! Десе де, логикалық нәрселерге жақындаумын. Ол үшін ұдайы шахмат ойнаймын. Жанымды жеп ойнаймын деп те айта аламын. Мидың қыртыстарын қозғайды. Көне Үндістан, Мысырда патшалар элиталық топ өкілдерінің сүйікті ойыны саналған. Мен де құштармын. Жалпы, берері көп. Футболды да жақсы көремін. Шабуылшы. Сергітеді.

Армансыз адам - қанатсыз құспен тең депті. Болашақтағы Батырхан қандай?

– Менің әрдайым ойланатын тақырыбым. Күніге кем дегенде екі кісіге жақсылық істеу - мақсатым. Ал адамдарға жымиып қарау - дағдым. Осы қасиеттер өмірлік ұстанымға айналуда. Бәлкім, келешекте әлемді бағындырармын. 2038 жылы Нобел сыйлығының лауреты атанамын. Бұл - айды аспанға шығаратын жаңалық. Сол күнге бәрімізді бірге жеткізсін. Сондай-ақ, Сарбонна университетінің маңдайшасында «Саған Құдай бермегенді, Сарбонна университеті бере алмайды» деп жазылып тұрады екен. Бұл парадокс! Болмасаң да, ұқсай біліңіз!

– Сұхбатыңызға рақмет! Әрдайым алда болыңыз!