Шілде айында Алматыда ТБИ төмендегені байқалды

Шілде айында Алматыда ТБИ төмендегені байқалды
Сурет: Autogear.ru

Қала басшылары бұл көрсеткішке жедел және стратегиялық шаралар арқылы қол жеткізген.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфир арқылы жүретін Аkimat LIVE бағдарламасы барысында азық-түлік бағасын бір қалыпты ұстау үшін қабылданып жатқан шаралар жайында айтып берді,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қала әкімінің айтуынша, сауда желілері мен өндірушілерге 8 млрд теңге шамасында жеңілдетілген несие  берілді.  Осының арқасында ұн, күріш, қарақұмық жармасы, макарон өнімдері, қант, күнбағыс және сары май, айран, сүт, сүзбе, тауық еті және сиыр еті  осы жылдың соңына дейін белгіленген бағамен сатылады.

«2021 жылғы 24 маусымда Алматы қаласы мен Алматы облысының өңіраралық кооперациясы шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сапар қорытындысы бойынша Алматы облысына JLC Сүт ЖШС-мен (сүт, сүзбе) көлемі 1000 тонна Магнум және Naz-Dana ШҚ (пияз) сауда желілеріне Small және Toimart сауда желілеріне жеткізу бойынша шарттар жасалды. Сондай-ақ, «Алатау құс» (тауық еті) компаниясынан 820 тг/кг-нан 1200 тонна өнім жеткізу үшін 1 жылға 1 млрд. теңге сомасына «айналым» қарызын беру мәселесі қаралып жатыр»,  – деді әкім.

Бақытжан Сағынтаевтың атуынша, қосымша 5 мың тонна қант жеткізу үшін ірі қант өндіруші – «Меркі қант зауытына» «айналым» заемын беру пысықталып жатыр.