2024 жылы Алматының Алатау ауданында екі дәрігерлік амбулатория ашылады

2024 жылы Алматының Алатау ауданында екі дәрігерлік амбулатория ашылады
almaty-akshamy.kz

 Алматыдағы Зерделі шағын ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады
 
Балаларды сыныптан тыс оқумен қамту үшін былтыр Нұркент шағын ауданында көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталығы (Оқушылар сарайы) ашылды. Ондағы 38 үйірмеге 1200 бала қатысады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

«2024 жылдың мамыр айында Зерделі шағын ауданында спорттық және тренажерлық залдары, хореография мен үстел ойындары қамтылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланып отыр», - деді қала басшысы.

Ауданда емханалардың жетіспеушілігі проблемасын шешу және медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында Саялы және Қарасу шағын аудандарында күніне 200 адамнан қабылдайтын екі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларының құрылысы аяқталып келеді. Қарасу шағын ауданында құрал-жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың мамыр айында ашылады деп күтілуде. Саялы шағын ауданындағы амбулаторияның құрылысы 2024 жылдың маусымына дейін аяқталмақ.