17 жастағы жігіттер автоматты түрде есепке алынады

17 жастағы жігіттер автоматты түрде есепке алынады
Сурет: ашық дереккөз

Он жеті жастан асқан ер азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады.

Бұрынғыдай тіркеу куәлігінің қажеті жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.  Денсаулық министрлігі арқылы болашақ сарбаздың денсаулығы жайлы мәліметтер де жүйеге енгізіледі. Жаңашылдық келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданысқа енеді. Бұл туралы Цифрлық үкіметті қолдау орталығының координаторы Рүстем Ирбатыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, жас жігіттер әскери комиссариаттарға барып әуре болмайды. Сонымен қатар жаңа автоматтық жүйе бюджеттің 1 миллиард теңгеден астам қаражатын үнемдейді.

 - Автоматты жүйеде 17 жастан асқан азаматтар туралы барлық ақпарат болады. Яғни олардың отбасы, қай жерде жұмыс істейтіні мен медициналық картасын көруге мүмкіндік бар. Автоматтық жүйе, тіпті ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар немесе мүгедектігі бар ұлдар бойынша да ақпаратты қамтымақ. Әскери комиссариатты өтетін кезде сұралатын құжаттардың толыққанды топтамасы осы жүйеде болады, - деді Цифрлық үкіметті қолдау орталығының координаторы Рүстем Ибатыров.