16 қазаннан бастап ҚТЖ – Жүк тасымалының қызметі қымбаттайды

16 қазаннан бастап ҚТЖ – Жүк тасымалының қызметі қымбаттайды
Сурет: Ашық дереккөзі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС 16 қазаннан бастап жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын өсіреді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz «Астық Транс» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС жүктерді тасымалдау кезінде локомотивтік тартым қызметтеріне шекті бағалардың өсуіне байланысты 16 қазаннан бастап жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер құны қымбаттайды.

Естеріңізге сала кетейік, көлік-экспедиторлық қызметтер үшін клиентке ұсынылатын тарифтік ставка «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол тарифін қамтиды.

«2022 жылғы 16 қазаннан бастап тасымалдау құнының артуы тасымалдаушы тарифінің өсуіне ғана байланысты», - делінген хабарламада.