№143 сайлау учаскесінде дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтауға қатысты түсініктеме берді

№143 сайлау учаскесінде дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтауға қатысты түсініктеме берді
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова «Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты» РММ №143 сайлау учаскесінде дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 

«Алматы қаласы Әуезов аумақтық сайлау комиссиясының ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының негізінде шығарылған биылғы 6 наурыздағы дауыс берудің басталуы мен аяқталуының өзге уақытын белгілеу туралы» шешіміне сәйкес, дауыс беру сағат 06:00-де басталады деп белгіленді. Бұл сайлау учаскесі бойынша дауыс берудің басталу уақыты туралы ақпарат «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланды. Учаскеде сенімді адамдар мен бақылаушылар болды. Дауыс беру сағат 10:00 шамасында аяқталды, бұл уақытқа дейін осы учаскеде тіркелген сайлаушылар дауыс беріп бітті. Бұдан кейін алгоритмге сәйкес, құжаттар №9 аудандық сайлау комиссиясына және Әуезов аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылды»,-деді ол.

.