12 шілдеде елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

12 шілдеде елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Сурет: Pibig.info

Ауа райы болжамы.

Тек елдің  батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөлімдер өткеннен кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет болжамына сай, республика бойынша – екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Түркістан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Солтүстік-Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен орталығында, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігі мен батысында өте қатты ыстық күтіледі.

Республиканың барлық аймағында өрт тұтанудың төтенше қаупі болады.