Бүгін екі қалада ауа ластанады

Бүгін екі қалада ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылғы 18 қазанда Атырау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.