12 адамды үсік шалды

12 адамды үсік шалды
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Солтүстік Қазақстан облысында сарышұнақ аяз басталғалы 12 адамды үсік шалды.

Дәрігерлердің сараптамасынан кейін олардың 5-і ауруханаға жатқызылды. Суықта дала кезіп, қатты тоңып қалғандардың көбі аяқ-қолдарын үсіріп алған. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Кейбіріне операция жасалуы мүмкін. Өңірде бір аптадан бері аяздың беті қайтар емес. Ауа температурасы кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеді. Ақ халаттылар жылы киініп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Екатерина Белоусова, қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы: -Аязды күні жолға шығып, көлігі сынған азаматты үсік шалды. Бұл тізімде мал іздеп, ермек үшін балыққа барғандар, ішімдік ішкендер және тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар да бар. Қазір ауруханаға жатқызылған науқастар ем қабылдап жатыр.