11 наурызға арналған ауа райы болжамы

11 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Inform.kz

Синоптиктер жұма күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты 11 наурызда жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Тек елдің қиыр солтүстік өңірлері суық антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашын болмайды.

Ақмола облысының оңтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі, желдің қарқыны - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с жел, түнде облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында тұман, күндіз облыстың шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, батысында, оңтүстігінде желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі, түнде және таңертең солтүстікте, облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-25 м/с жел соғады.