11-ші маусымда «Алматы Барысы» өтеді

11-ші маусымда «Алматы Барысы» өтеді
Cурет: Ашық дереккөз

Турнирге барлығы 30-ға жуық мықты спортшы қатысады

11 маусым күні сағат 16:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» іріктеу сайысы саналатын «Алматы Барысы» өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Турнирге барлығы 30-ға жуық мықты спортшы қатысады. Барлық палуандар 90 келіден жоғары абсолютті салмақ дәрежесінде, олардың ішінде жекпе-жек өнерінің әр түрінен әлем және құрлық чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Жұптар лотерея арқылы анықталады.

Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін. Одан бөлек, жарыста отандық сахна жұлдыздарынан концерттік бағдарлама өтеді.