11 қалада ауа сапасы нашарлайды

11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның 11 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2023 жылғы 19 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Риддер, Семей, Өскемен, түнде 19 қыркүйекте Атырау, Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары қалыптасады»,- делінген «Қазгидромет» РК хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.