103 жастағы ардагер дауыс берді  

103 жастағы ардагер дауыс берді  
almaty-akshamy.kz

Қазақстанның мүддесі үшін Ұлы Отан соғысының ардагері 103 жастағы Филип Губанов та қарап қалмай, өз таңдауын жасады. Саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан, бұл күні Жетісу ауданындағы №536 сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері «Құлагер» ықшамауданындағы №53 үйде тұрып жатқан соғыс ардагерінің үйіне келді. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен қария әлі де тың, көзі қарақты, құлағы да жақсы естиді. 
– Менің балалық шағым ашаршылық жылдарына тұспа-тұс келді.  Жоқшылықтың ащы дәмін таттым. Сонау сұрапыл соғысқа қатысып, Отан үшін от кештім. Бейбіт өмірдің жақсы күндері бұйырды. Бәріне шүкіршілік етемін. Тағдыр маған бейбіт өмірді, бақытты күндерді көруді бұйыртқан екен. Сол бейбіт өмірді сақтай білейік! Менің жасым келсе де, елімізде  бейбіт өмірдің болғанын қалаймын! Еліміздің болашағы үшін дауыс беріп отырмын! Сайлауға қатысып, дауыс берудің өзі бақыт қой. Келесі сайлауға дейін аман болайық!