Қазақстандық сериал Webfest Berlin фестивалінде үздік драма атанды
Қазақстандық «Мыстан» атты сериал Webfest Berlin кинофестивалінде топ жарды
Бұл туралы Salem Social Media компаниясы шығарған «Мыстан» телехикаясының атқарушы продюсері Анна Дармодехина жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Біздің туынды үшінші фестивальде де жеңіске жетті. «Мыстан» телесериалы Webfest Berlin фестивалінде «Үздік драма» аталымын жеңіп алды», - деп жазды ол Facebook парақшасында.