Қазақстанда 12 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 12 млн тонна астық бастырылды
Сурет: Ytz.com.ua

Жалпы егіс алқабының 83,3% жиналған.

Қазақстандық шаруалар 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша, республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы егіс алқабының 83,3% жиналды», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Мамандардың айтуынша, ағымдағы орташа өнімділік гектарына 9,1 ц құрап, 12 млн тонна астық бастырылды. 

Негізгі егін егетін үш өңірде - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гектарына 8,3 ц құрап, 8,2 млн тонна астық бастырылды. 

Сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті.