Жеңімпаз атанып, жүлде алды

Қаламыздағы Оқушылар сарайы — кішкентай қала тұрғындарының ең сүйікті орны. Мұнда балалардың танымын кеңейтетін, түрлі кәсіпке бағыттайтын үйірмелер өте көп.

Рая ЕСКЕНДІР

Қосымша білім беру мекемесі болған соң, балалар мектептегі алған білімдерімен қоса, өздері таңдаған бағыттағы жүрек қалауларын осында келіп жалғастырып жатады.

Жақында ғана «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты қалалық байқау өткен еді. Жеңімпаздар – Ұзақ Дана, Ниетбай Исатай, Холов Ахмеджон, Нұрлыбек Нұрай, Нұрбек Нұрқасымов 1-дәрежелі байқау жеңімпаздары атанып, республи­каға жолдама алған еді.

Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған балалар арасынан Алматы қаласының намысын қорғаған Нұрлыбек Нұрай «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» атты аталым бойынша 3-орынды жеңіп алып, жеңіспен оралды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *