«Той мен Құдайы тамақтың форматын өзгертуіміз керек»

Қалалық тіршіліктің ырғағымен біздер, алматылықтар той жасап, ас берсек те, ауызашарға шақыр­сақ та бүкілін мейрамханада өт­кізетін болдық. Аста-төк дастархан жайып, барымызды кісінің алдына қоятын біздер ысырапшылдық жасап жоқпыз ба? Тойдың дастар­ханынан кем түспейтін Құдайы тамақтың берілу тәртібіне сын айтып жүрген­дер бар. Анығында, ол қалай беріл­уі керек? Арын қажы мешітінің имамы Ерлан Ақатаев бұл сұраққа былай жауап береді.

Құдайы тамаққа міскіндерді шақырыңдар

– Алланың жанындағы ең жа­ман ас – тойға қойылған ас дейді. Анықтап алсақ, ол қандай той дегенімізде, байлар шақы­рылып, пақырлар шақырылмайтын той екен. Ұлан-асыр той жасаға­нымызда ол жерге міскіндерді шақыру ұят дейтін болсақ, онда ол ұят – иманнан емес. Ол шайтаннан келген ұят. Думандатып той тойлап немесе үлкен ас беріп жатсаңыз, соның өзінен құлшылығым көрініп тұрсын десеңіз, дастарханыңызға міндетті түрде пақыр, міскін адам­дарды шақырыңыз. Сонда ғана Алла сізге разы болады. Асылында, тамақ кімге беріледі? Қарны аш, дұрыс тамақ ішпей, көптен бері ет жемеген адамға беріледі! Неге біз жегені алдында, жемегені артында, тоя тамақ ішіп жүргендерді дастар­ханға шақырамыз? Біздің бүгінгі жасап жүрген тойларымыз бен беріп жүрген астың форматын өзгерту керек. Пайғам­барымыз (с.а.с) бір риуаятында «тойға келе жатқан сондай міскіндерді «кетің­дер, сендер шақырылған жоқсың­дар» деп қуады да, келгісі келмей, тәкаппар­ланғандарды  «қашан келе­сіңдер?» деп тұрады дейді. Сондықтан аятта айтыл­ғандай, «жүздеріңді Алла жаққа бұрып, әрбір ісіңді Алланың дидары үшін істе» дейді. Мейлі, той болсын, жаңа жұмысқа орналасып жатыр­сың ба, диплом алдың ба, өзің үшін сән болып көрінген нәрсенің бәрін өзгелердің пікірі үшін емес, Алланың разылығы, Оның дидары үшін істе. Сонда ғана Жаратушы сізді Өзінің бір жақсы амалдары үшін жердің бетінде пайдаланады. Әйтпесе, сізді нәпсі жеңіп, не шайтан арбап, өзінің мақсат­тарына пайдаланып кетуі мүмкін.

Мына сөздің астарында үлкен тәрбие жатыр. «Расында, Ол – Алла, ысырап қылушыларды жақсы көрмейді» дейді. Мысалы, артық тамақ ішкен кезде кекіріп бастайтыныңызды байқайсыз. Ұйқым келе бастады деген нәр­селер болады. Артық тамақтың өзі организм үшін жұмыс. Сондықтан пайғамбарымыз (с.а.с) «сәл ғана беліңді түзеп алу үшін жесең болды ғой» дейді. Мысалы, бір жерге қонаққа, тойға барғанда алдыңыздағы дастарқанды бірден  сканерден өткізіп алыңыз. Сосын қонаққа шақырып алып, адам­дардың асты-үстінен түсіп «тағы да жеңдер, ішіңдер» деп адамдардың мазасын ала беруді қою керек. Жасадың, жайдың дастарханды, бірақ өте үлкен, аста-төк жаса­маңдар. Егер үлкен дастархан жайып, онда жағдайы жоқ адамдар көп болса, ол өте керемет нәрсе. Атасына ас беру деген асылында «атасының атынан пақырларға ас беру» деп аталады. Сонда пақыр­лар ішкен ас атасының амал дәптеріне жазылады. Оны сіз Алланың дидары үшін істеуіңіз керек. Ал біз қайтеміз, күллі қарны тоқ ағайын-туысты шақырып, ас береміз. Сауап не үшін жасалады? Ниетім қабыл болсың десеңіз, сондай асқа қарны аш адамдарды әкеліңіз. Сонда атаңыздың амал кітабына керемет сауаптар кетеді. Ал тоқ адамдарды шақырсаңыз, тек сіздің атағыңыз ғана шығады. Үлкен ысырап. Амал босқа кетті деген сөз. Тек адамдар үйлеріне барып, баға береді. Анау дастар­қанын жақсы жасапты, мынау жақсы сөз айтты, өйтті, бүйтті деген әңгімеден аспай қалады. Құдай тамақ деп не үшін аталып тұр? Ол Құдайдың разы­лығы үшін жасалатын амал.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *