Шаһар басшысы 100 жасқа келген жауынгерді құттықтады

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысының ардагері Әдіш Әбдірайымовты 100 жас мерейтойымен құттықтады.

Сұрапыл майданға бар-жоғы 20 жасында аттанғанын баяндаған қарияның 9 мамыр туған күні екен. Дәл сол күні 100 жасқа толған ақсақал Жеңіс күнімен әрі мерейлі жасымен құттықтай келген қала әкіміне ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Бүгінде Алматыға көшіп келгеніне 3 жыл болған қария 4 бала, 3 немере мен 1 шөбере көріпті. Қызылорда облысының тумасы 1938 жылы Харьков қаласындағы университеттердің біріне оқуға түсіп, кейін 1940 жылы әскер қатарына алынады. Содан соң Беларусь фронтына қарасты нөмірі 173-атқыштар дивизиясына қатардағы жауынгер болып жіберілген. Тұтқында болып, азапты ғұмыр кешкенін күрсіне еске алып, әңгімелеп берген ақсақалға қала әкімі шексіз алғысын білдіріп, ерлігі ұмытылмайтынын жеткізді, бағалы сыйлықтар табыстады.

– Ұлы Жеңіс мерекесімен бәріңізді құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын! Әр уақытта жақсылық заман болсын! Көргеніміз ылғи жақсылық болсын! – деген қария Елбасы тапсырмасымен қала басшысының үйіне арнайы құттық­тап келгеніне дән риза екенін жасырмады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *